Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да бір апта ішінде 200-ге жуық қылмыс ізін суытпай ашылды

12-18 наурыз аралығында өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Жедел алдын алу шарасы аясында облыс полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Рейдтер жүргізді, ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтады және жолын кесті, көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды, қылмыстарды, сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстарды "ізін суытпай" ашты.

ШҚО ПД мәліметінше, жеті күннің қорытындысы бойынша "ізін суытпай" 198 қылмыс, бұрын жасалған 90 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 21 күдікті ұсталды.

Операция барысында он мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 292 ұсақ бұзақылық фактісі (ҚР ӘҚБтК 434 - бабы), 1 608 - спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы), 1 886 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 492-бабы), ІІО-да профилактикалық есепте тұрған 9 000-нан астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 30 қару-жарақ алынды: бір газ тапаншасы, төрт ойық және 25 тегіс ұңғылы қару.
- Жеті күн ішінде ЖПБ 61 жүргізушісі мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруының үш фактісі анықталды, - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.
Сондай-ақ, облыс полицейлері есірткі заттарын сақтаудың 18 фактісін анықтады, 135-ке жуық бір реттік доза марихуананы тәркіледі.
Следующая →