ШҚО-да полицейлер мас жүргізушіні ұстады
Жол ережесін қасақана бұзушы туралы ақпарат жақында Глубокое аудандық полиция бөліміне түсті
ШҚО Полиция департаменті хабарлағандай, 10.15 шамасында Тарханка ауылында Мехнин көшесінде тәртіп сақшылары Volswagen Passat маркалы көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Көліктің 36 жастағы жүргізушісі мас күйінде екені белгілі болды.
Следующая →
- Сондай-ақ ер адамның бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД.ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беруі, сол сияқты лауазымды адам немесе көлік құралының меншік иесі не иесі жасаған көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.