ШҚО-дағы зейнеткерден жарты миллион теңге ұрланды
Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қылмыстық іс қозғалды
Наурыз айының басында Риддер қаласының полиция бөліміне қаланың 83 жастағы тұрғынынан жарты миллион теңге ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Белгісіз адам оның пәтеріне 25-і мен 28-і аралығында басып кірген.
Следующая →
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді, ол жауап алу кезінде ұрланған қаражатты қайтарып, өз кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.