Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО тәртіп сақшылары мал ұрлықтарын ашуға білек сыбана кіріскелі отыр

23-ақпаннан бастап аймақта «Мал ұрлығы» жедел алдын-алу шаралары басталды

Іс-шара кезінде тәртіп сақшылары мал ұрлығымен айналысқан адамдарды анықтаумен айналысады, малды сою орындары мен ет өнімдерін сататын орындарды тексереді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындармен мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелер өткізеді.
- Біз Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қырағылық танытып, малды қараусыз қалдырмауға, олардың қораларын нығайтуға, малды таңбалауға кеңес береміз. Ірі қара мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда сіз полицияның 102 байланыс телефонына жедел түрде хабарласуыңыз керек, - дейді облыстық полиция департаментінде.
Басқарма жақында ғана болған екі мал ұрлығы туралы айтты. Мәселен, ақпан айының басында қылмыскерлер Балғын ауылының маңындағы қоралардың біріне кіріп, Үлкен-Нарын ауылының 49 жастағы тұрғынына тиесілі сегіз бас ұсақ мүйізді малын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 340.000 теңгеге бағаланды.
20 және 23 жастағы күдікті жастарды көп ұзамай криминалдық полиция қолға түсірді. Жауап алу кезінде олар кінәсін мойындады. Ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, ағымдағы айдың басында Семей қалалық полиция басқармасының Әуезов полиция бөлімшесіне 52 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны хабарласып, өткен жылдың мамыр айында Семейден 15 шақырым жерде орналасқан өрісінен екі бұзауын ұрылар қолды қылғанын айтты. Келтірілген шығын 100.000 теңгені құрайды.
Полиция өз кінәсін мойындаған 36 жастағы ер адамды ұстады. Ал жауап алу кезінде ол бұзауларды сатып үлгергенін айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Следующая →