Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының дорбасын тартып алған
Жолаушы әйел адам жол ақысын төлей алмайтынын айтқан. Бұған ашуланған такси жүргізген ер адам оның сөмкесімен қоса ішіндегі барлық дүниесін тартып алған
Бұл жағдай ақпан айының бас кезінде орын алған болатын. ШҚО Полиция департаменті мәлімдеуінше, Өскемен қалалық полиция басқармасының Ертіс бөлімшесіне, 102 байланыс нөміріне қоңырау келіп түсті. 43 жастағы Өскемен тұрғыны өзін таксисттің тонап кеткенін айтып шағымданған.
Белгілі болғандай, жапа шегушінің таксиге беретін ақшасы жетпеген. Жүргізуші оны бір үйдің ауласына түсіріп, қолындағы дорбасын тартып алған. Оның ішінде әйелдің жеке куәлігі, банк картасы, телефоны және 500 теңгесі болған. Барлық келтірілген шығын 45.000 теңге.
Следующая →

- Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары күдіктіні тауып, 31 жастағы ер адамды түсініктеме беру үшін полиция бөлімшесіне жеткізді. Заттай айғақтар бір-бірлеп тәркіленді, - дейді облыстық полиция басқармасының бастығы Сағат Мәдиев.Болған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 1-бөлімі 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары атқарылып жатыр. Такси жүргізушісіне 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе 291 700 теңге (1 АЕК - 2 917 теңге) салынуы мүмкін. Немесе түзеу жұмыстары немесе 120 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылуы, тіпті 45 тәулікке қамауға алынуы да мүмкін.