Өскеменде психотроптық заттарды жеткізуші тағы бір азамат ұсталды
Жақында облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінің жанынан 35 жастағы курьер ұсталды, ол мобильді қосымша арқылы есірткі сатумен айналысқан
ШҚО Полиция департаментінің ақпараты бойынша, жеке тексеру барысында Глубокое ауданының тұрғынынан изолентамен оралған полимерлік түйіншек алынды, ал ішінде өткізу мақсатында сақтаған ұнтақ пен түйіршіктер болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат психотроптық заттың аналогы болып табылады. Осылайша, полиция қызметкерлері 40-тан астам бір реттік дозаны тәркілеп, қылмыстың жолын кесті, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.