ШҚО тұрғынынан суық қару тәркіленді
Семей қаласының тәртіп сақшылары көлікжайынан кастетке ұқсас зат табылған тұрғындардың бірін тұтқындады
Ұрып-жарғыш қару иесінің соңына тәртіп сақшылары "Құқықтық тәртіп" ЖААШ кезінде түскен.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары тұтқынның басқа да заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Следующая →
- Полиция қызметкерлері 36 жастағы Семей қаласының тұрғынын тұтқындады. Оның көлікжайындағы сөреден кастетке ұқсас зат табылған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Криминалистер тәркіленген заттың суық қару екенін растады.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары тұтқынның басқа да заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.