Пәтер иесінен екі миллион теңге ұрлады
Жеңіл ақша табу үшін облыс орталығының тұрғыны алдағы жылдары бостандықта өмір сүру құқығынан айырылды
3 қаңтарда 102 арнаға Өскеменнің 80 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зейнеткер оның үйінде тұрып жатқан пәтер жалдаушысы сандықтан екі миллион теңгеге жуық қарржыны ұрлап, ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады.
Следующая →
Зейнеткер оның үйінде тұрып жатқан пәтер жалдаушысы сандықтан екі миллион теңгеге жуық қарржыны ұрлап, ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 46 жастағы жұмыссыз адам болып шықты, кейін ол бұл әрекетін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.Полиция қызметкерлері заттай айғақтарды алып, зейнеткерге қайтарды. 46 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.