ШҚО браконьерлері өткен жылы үш миллионға жуық айыппұл төлеген
Орман, аң аулау және балық аулау ережелерін өрескел бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, тиісті шаралар қолданды
Айыппұл салумен қатар, тәртіп бұзушылардан 800-ге жуық браконьерлік қару-жарақ тәркіленіп алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Осылайша, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мекемелері 2020 жылы 762 табиғатты қорғау заңнамасы бұзылғанын тіркеді.
Следующая →
- Оның ішінде 88 рет аң аулау ережелері, 433 балық аулау және 241 орман шаруашылығы заңнамалары бұзылған. 2,8 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар өндірілді. Сонымен қатар, инспекторлар 780 аңшылық қаруын, тор, қақпан, ілмектер және т.б. тәркіледі, - дейді басқарма қызметкерлері.Осыдан 17 жыл бұрын облыста орман және аң аулау бойынша жедел әрекет ету бөлімі құрылғанын еске сала кетейік. Оның құрамына 60-тан астам инспектор жұмыс істейді. Олардың барлығы Шығыс Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға байланысты заң бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Тақырыптар:
Управления природных ресурсов и регулирования природопользования ВКО Браконьеры в ВКО Отряд оперативного реагирования лесного и охотничьего хозяйства