Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Полиция қызметкеріне маскасын көрсетем деп, қалтасынан ескірткі түсіріп алды

Ер адамның өзінің айтуынша, ол бірнеше грамм марихуана оралған газет бумасын жолдан тауып алған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Түркістан облысы Нысамбек - Диханкөл тас жолында болған оқиға екенін хабарлады. Полиция бетперде кимей карантин режимін бұзған жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Ол тәртіп сақшыларына маскасын бар екенін дәлелдеу үшін қалтасына қолын салғанда,  маскасымен бірге газет бумасы түсіп қалған. Бұл тәртіп сақшыларының назарын бірден аударды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қызметкерлер күдікті затты алып, шөптен жасалған есірткеге ұқсас зат екенін анықтады.

- Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы "Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс жасау" бойынша тіркелген, - деп хабарлады ҚР ІІМ. 


Полиция тәркілеген пакет сараптамаға жіберіліп, оның ішіндегі зат кептірілген, жалпы салмағы үш грамнан асатын марихуана екені анықталды. 

Ер адамның айтуынша, ол есірткі орамасын жолдан тауып алған және оны өзіне қалдырған. 

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұрын есірткі өсімдіктерін заңсыз отырғызғаны үшін сотталғанын атап өтті. Күдікті сотты күтуде.  Полиция оны қосымша карантинді бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартпақ.
Следующая →