Үш ер адам ШҚО тұрғынын соққыға жығып, автокөлігін тартып алған
Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында "102" жедел арнасына Ұлан ауданы, Бестерек ауылында тұратын әйел адамнан бейтаныс адамдар оның жұбайына дене жарақаттарын келтіріп, Nissan Note автокөлігін айдап әкеткендері туралы хабарама келіп түскен
ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, тез арада «Қармау» жоспары іске қосылды, айдап әкетілген автокөлік туралы бағдар алғаннан кейін полиция қызметкерлері автомашинаны іздестіруге кірісті.
Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында үш жігіт саған 14.00 шамасында облыс орталығының шетінде орналасқан Меновное ауылынан қала ішінде жүру үшін такси шақырғандары анықталған. Кейін жолаушылар одан қала шетіне апаруды сұраған, такси жүргізушісі қала шетіне тасымалдаумен айналыспайтыны, ол үшін қалааралық такси шақырулары қажет екендігін түсіндірген. Жігіттер айтқандарынан қайтпай, өзара сөйлесу барысында оны бағытын өзгертіп, діттеген жерге апаруға көндірген, осылайша олар Ұлан ауданы Бестерек ауылына қарай бағыт алған. Жол үстінде "Өскемен – Самар" тасжолының бойында қаскөйлер такси жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген, содан кейін оны көліктің артқы орындығына отырығызып, ұрлап әкеткен.
Оңтайлы сәтті пайдаланып, жәбірленуші жүріп бара жатқан көліктен секіріп үлгерген. Содан кейін жұбайына қоңырау шалып, !Мені ұрлап кетті. Көмектес! Ізғұтты Айтықов!" деп қысқаша хабар берген. Абдырап қалған жұбайы, бір секунтты да жоғалтпай, тәртіп сақшыларына хабарлаған.
Осы сәтте үсті-басы қанға боялған жәбірленуші жолдағы автокөліктерді тоқтауға тырысқан, алайда олардың ешқайсысы жол бойында бейсауат жүрген адамған тоқтамаған. Тек, бір Газель автокөлігінің жүргізушісі ғана тоқтап, оған қауіп төніп тұрғанын байқап, қандай көмек қажет екенін сұраған.
Өз кезегінде жәбірленушінің жұбайы уақытылы іс-әрекет етіп, қылмыскерлерді "ізін суытпай" ұстаған ШҚО ПД полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс білдірді. Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларды тасымалдаумен айналысу отбасы үшін орны толмас қайғыға айналар еді.

- Полиция қызметкерлері жәбірленушінің автокөлігін оқиға орнынан 30-40 шақырым жердегі Тарғын ауылының маңынан тапты. Шұғыл қабылданған шаралардың нәтижесінде 24-34 жас аралығындағы үш жас жігіт ұсталды. Сондай-ақ күдіктілердің екеуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.ШҚО полицейлері ұрланған автокөлікті заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікілер қамауға алынды.
Өз кезегінде жәбірленушінің жұбайы уақытылы іс-әрекет етіп, қылмыскерлерді "ізін суытпай" ұстаған ШҚО ПД полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс білдірді. Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларды тасымалдаумен айналысу отбасы үшін орны толмас қайғыға айналар еді.
- Алыс жолға жалғыз шығу, сондай-ақ жақсы танымайтын адамдарға көзсіз сенудің арты жақсылыққа апармайды. Егер, сіз осындай қылмыстың құрбаны болып немесе оған куә болсаңыз, тез арада "102" телефоны бойынша полицияға хабарлаңыз, - деген кеңес берді Сағат Мадиев.
Следующая →