Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде отшашу тауарларын сатумен заңсыз айналысып жатқандарды әлі де анықтауда

"Пиротехника" жедел алдын алу шаралары облыс көлемінде 10 қаңтарға дейін жалғасады. Құқық қорғау қызметкерлері отшашу қолданар кезде сақтық шараларын ұмытпау керектігін ескертті

Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құтқарушылармен бірге пиротехника заттарын заңсыз, рұқсатсыз сату ісі бойынша тексеріс жүргізді.
- Департамент қызметкерлері отшашу мен басқа да пиротехникалық заттарды қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертеді: отшашу ататын жерде ағаштар, ғимараттар мен электр сымдары болмау қажет, үлкен, кең, ашық алаң болса тіптен жақсы. Өртке қауіпті нысандардан, автотұрақтардан, автокөліктерден радиусы 50 метр жерде пайдаланған абзал. Қолданар алдында нұсқаулықты оқып шығуыңыз керек. Пиротехниканы пайдалану кезіндегі ықтимал қауіп түрлері дәрежесі бойынша бес санатқа бөлінеді. Қауіпті аймақтың радиусы 5-тен 30 метрге дейін. Адамдар ұшыру алаңынан кем дегенде 40-50 метр қашықтықта және міндетті түрде жел жағында орналасуы керек, - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасы.

Отшашуды және сол секілді жарылғыш жарқылдақ өнімдерді адамдар көп шоғырланған жерлерде, пәтерлерде, көпқабатты үйлердің самалдықтарында, жабық бөлмелерде, тұрғын үйлерде пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар пиротехниканы кәмелет жасқа толмағандарға беруге (сатуға) қатаң тыйым салынады.
Следующая →