ШҚО-да карантин кезінде жұмыс істеген тағы бір сауна анықталды
Семейде рейдке шыққан мониторинг тобы карантин режимінде қойылған шектеулерге қарамастан жұмыс істеуді тоқтатпаған моншаны анықтады
Тексеру тобы барған кезде моншада адамдар болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Құқық қорғау органдары аталған нысанға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1-бөлімі, 425-бабы бойынша хаттама толтырып қалалық басқармаға жіберді, - дейді Семей қалалық әкімшілігінде.ШҚО Бас санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, сауна және монша нысандары тек 7.00-19.00 аралығында жұмыс істей алады. Сенбі, жексенбі күндері мүлде жұмысын тоқтатады. Өскемен, Риддер, Күмістау, Жаңа Бұқтырма қалаларында сауна мен монша қызметіне тыйым салынған.
Следующая →
Тақырыптар:
Мониторинговая группа Нарушение ограничительных мер в ВКО Акимат Семея Городское управление ККБТУ