Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тәртіп сақшылары "адам қинады" деген айыппен жауапқа тартылмақ

Үржар ауданы Мақаншы ауылының полиция бөлімшесінде мал ұрлығына күдікті деп ұсталған азамат қайтыс болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

ШҚО ПД басшысы 33 жастағы ауыл тұрғынының қайтыс болғанын растады.
Мақаншы ауылының тұрғыны мал ұрлады деген айыппен полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бірақ тергеу кезінде жан тәслім еткен.  ІІМ бақылауына іліккен жағдайдың анық-қанығын тексеру үшін полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев басқарған арнайы топ оқиға орнына аттанды. Прокурорлар қажетті сараптама жұмыстарын жүргізуде.
- Аталған оқиғаға қатысты "Азаптау, қинау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Марқұмның жақын жандарының қатысуымен оқиға орны тексеріліп жатыр. Әзірге нәтижелері дайын емес. Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның үйіне кіріп, туысқандарына көңіл айттым, - дейді Сағат Мәдиев.
ШҚО Полиция департаментінің басшысы іс бақылауда, кінәлі адамдар міндетті түрде өз жазасын алады деп сендірді.


Следующая →