Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Желіде бір қап ақшаны көрсетіп, "Жаркенттің жігіттері" - деп ұрандатқандар ұсталды

Олар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты

Қару мен бір қапшық ақшаны көрсетіп, әлеуметтік желіні дүрліктіргендердің кім екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz. 

"Жаркенттің жігіттері" - деп ұрандатқандар бұл бейнежазбаны кеше түсірген болып шықты. Онда көлікте отырған ер адам ақша толы сөмке мен Калашников автоматына ұқсас қаруды көрсетеді.
- Қазіргі таңда бұл фактінің мән-жәйін анықтау үстіндеміз. Жақын арада бұл тұлғалардың әрекеттеріне заңды тұрғыдан құқықтық баға берілетін болады. Және заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады, - дейді  Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Естеріңізде болса, осыған ұқсас жағдай бір жыл бұрын елордадад тіркелген еді. Көлік ішінде қару ұстап, "Астана біздікі" деп шулатқан бұзақылар қазір абақтыда отыр. Бұл кадрды түсірген және көлік жүргізген қос досына сот ешқандай жаза тағайындамаған еді. Әрі сотта бейнежазбадағы қару тек ойыншық екені дәлелденген. Жалпы қоғамда бұзақы әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желіге салатындар қатары жыл санап артып келеді. Психологтардың пайымынша мұндай қадамға көбіне жастар танымал болу үшін барады.


Следующая →