Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да мүгедек жасөспірімді тонап кеткен

Белгісіз ер адамдар 9-сыныпта оқитын жасөспірімнен күштеп 90 мың теңге тұратын смартфонын тартып алған

11 қазан күні кешке Көкпекті ауданындағы Самар полиция бөлімшесіне Самар ауылында тұратын екінші топтағы мүгедек жан хабарласқан.

Азаматшаның айтуынша, мүгедек ұлының ұялы телефонын біреулер тартып алған. ЖААШ кезінде аудан полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады.

- Зардап шеккен жасөспірім кешкі уақытта досына бара жатқан көрінеді. Алдынан белгісіз ер адамдар шығып, оны балағаттап, қорқытады. Қолындағы ұялы телефонды беруін талап етеді, - деп мәлімдеді Көкпекті аудандық полиция бөліміндегілер. - Жасөспірім гаджетті беруден бас тартқанда, бұзақылар күш көрсетіп, соққыға жыққан, ұялы телефонын да тартып алған.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтап, тұтқындады. Олар Самар ауылының тұрғындары болып шықты. Қолға түскен екі азамат та кінәсін мойындады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұзақылар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін.

Следующая →