ШҚО-да бірнеше күннің ішінде полиция қызметкерлері бес мал ұрлығын ашты
"Мал ұрысы" жедел алдын алу шарасы 17 шілдеде басталып, алдағы жұма күніне дейін созылады
"Мал ұрысы" жедел алдын алу жұмысы кезінде полиция қызметкерлерінің күш-жігері мал ұрлығын болдырмауға және ашуға, сонымен қатар жануарларды ілеспе құжаттарсыз тасымалдауды тоқтатуға бағытталған. Қосымша 19 мобильді топ Шығыс Қазақстан облысының автомобиль жолдарына орналастырылды. Полиция қызметкерлері тәулік бойы құжаттарды, тасымалданатын жануарлар мен ет өнімдерін тексереді.
Аталмыш жоба бойынша бес күн ішінде полиция қызметкерлері 400-ден астам машинаны тексеріп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 406-бабына сәйкес ветеринариялық нормаларды бұзудың 27 фактісін анықтады. Сондай-ақ, полиция бес ұрлықтың бетін ашты, олардың екеуі "өткен жылдың қылмыстары" санатына жатады. Және қызметкерлер 647 шаруа қожалығы мен шалғай аудандарды тексерді. Иелеріне 204 профилактикалық нұсқау берілді.
ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, мал ұрлығы фактілерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жедел алдын алу шараларынан тыс тұрақты негізде жалғасатын болады.
Следующая →