ШҚО полициясы 14 жылдан кейін екі адамның өліміне қатысты күдіктіні ұстады
Осы уақыт ішінде ол халықаралық іздеуде болды және көрші Ресейде жасырынып жүрді.
Ресей Федерациясының Кемерово қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шығыс Қазақстан облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2005 жылдан бері мемлекет аралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды құрықтады. Ол аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тергеу мәліметтері бойынша, 1996 жылдың жазында күдікті мен оның бірнеше серігі екі адамды өлтірген. Қылмыс тек 2004 жылы ашылды. Бұл іске қатысты үш адам түрмеге қамалды, бірақ біреуі елден қашып кетіп, көптеген жылдар бойы халықаралық іздеуде болды және осы уақыт ішінде Ресейде тұрған болып шықты.
Следующая →

- Қазір оны Қазақстанға беру туралы мәселе шешілуде, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.