/ Криминал

Жеті миллионға "сазға" отырғызып кеткен

Семей қаласының тұрғыны өз танысының сеніміне кіре отырып, бірге бизнес жасауға көндірген. Бірақ ақыры оны "сазға" отырғызып, тайып тұрған
09 қараша 2019 года, 16:21 646 Анна Коцарева
Оқиғалар. - На семь миллионов тенге "нагрел" своего знакомого житель ВКО
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © В.Иванов/Устинка LIVE

Алаяқтың арбауына түскен 53 жастағы азамат полиция қызметіне жүгінген.

- Тергеу анықтағандай, 2019 жылдың сәуір айында 34 жастағы азамат өз танысының сеніміне кіре отырып, одан қомақты қаржы алған, - деп мәлімдейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Ол жақын уақытта бизнестің жақсара түсетініне сендірген.

Ақыры 7 млн теңгені алдап өзі иемденіп алады. Ақыры тәіртіп сақшыларының қолына түсіп, өз айыбын мойындады. Бірақ ақшаны ұстап тастағандықтан, қайтармады. Қазіргі уақытта алаяқты бабы (ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз