Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

6 млн теңгені жымқырғаны аздай, қарызға батырып кеткен

Семей қаласындағы полиция қызметіне 59 жастағы қала тұрғыны келіп, өзінің алаяқтың құрбаны болғанын айтқан

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың шілде айында оның сеніміне кірген Арай есімді әйел екі көлікті нарықтағыдан арзан бағамен сатуға уәде еткен. Осылайша жақын уақытта "Лада Приора" мен "Лексус GS" көліктерін рәсімдеп беретіндігін айтып сендірген.

Бірақ аңғал азаматша алаяққа 6 300 000 теңгені беріп қойса да, сату-сатып алу бойынша келіссөздер орындалмаған. Алаяқ бұнымен тоқтап қалмай, өз құрбаны туралы барлық мәліметтерді біліп алып, оның атынан микроқаржы ұйымынан несие рәсімдеп алған. Ақыры айлакердің қулығы әбден өткен семейлік азаматша полициядан көмек сұрайды.

- Жедел іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары 27 жастағы жұмыссыз Семей қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ол да өз ісін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы орайда айта кетейік, шығыста алаяқтық – ең кең таралған қылмыс түрі. Жыл басынан бері облыста адаяқтық бойынша 1600 фактісі тіркеліп, 45%-ы ашылған.



Следующая →