Өскеменде көліктердің қысқы дөңгелектері ұрлануда
Ер адам дөңгелектерінің жоғалып кеткенін байқаған кезде тәртіп сақшыларға хабарлаған
30 жастағы көлік жүргізушісі Өскемен қалалық ЖПБ Сол жағалау полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Оның пайымдауынша, ол өз көлігінің дөңгелектерін ауыстыру үшін дөңгелек ауыстыру қызметіне жүгінген. Қысқы дөңгелектерді орнатпақ болған сәтте әкелген дөңгелектерінің жоғалғанын байқаған. Ол шығынды 100 мың теңгеге бағалады.
Ұрлық фактісі негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.- Жедел топ ізін суытпай 26 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ЖПБ баспасөз қызметінен. - Ол жасаған қылмысын мойындаған.