Күтуші зейнеткердің үйін тонап кетті
Әженің сеніміне кірген әйел шкафтағы ақшаны ұрлаған. Зардап шеккен 78 жастағы ананың айтуынша, ұры онымен бірге тұрып жатқан және ақшаның қай жерде сақталатынын білген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
- Ұрланған қаражаттың бір бөлігі қайтарылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188 - бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО МӨҚД баспасөз қызметі.
Әйел бір мың АЕК (2,5 миллион теңгеге дейін) көлемінде айыппұл төлейді.