Электрші дәріхана мен қонақ үй иелерін алдап кеткен
Бір күннің ішінде өтірік электрші болып келген азамат дәріхана, қонақ үй мен жерлеу қызметтерін ұсынатын зал иелерін тақырға отырғызып кеткен
Қаскөй Риддер қаласындағы кәсіпкерлерге келіп, өзін "ШҚ АЭК" қызметкері ретін таныстырып электр қуатын сөндіремін деп сес көрсеткен. Ал жарықты қалдыру үшін ақы алған.
Осылайша ол жерлеу рәсімі өтетін залдан 3200 теңге, тағы қонақ үй мен дәріхана иелерінен 2700 теңгеден алған.
- Шұғыл ізедстіру шаралары нәтижесінде 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті. Ол бұған дейін бірнеше рет істі болған екен. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.