Спорттық жабдыққа көз салған азамат бейнекамерадан да қымсынбаған
Приречное кентінің 44 жастағы жұмыссыз тұрғыны ірі сауда үйлердің бірінің ішінде орналасқан дәріханадан спорттық жабдықтарды ұрлап кеткен
Семейлік азамат сауда үйінің әр бұрышында бейнебақылау камералары ілініп тұрғанына қарамай скандинавиялық жүріске арналған таяқшаларды алып тайып тұрған.
Жедел тергеу тобы ұрының кім екенін жылдам-ақ анықтап, қолға түсірді.
- Бұл азаматтың бұрында қылмыстық әрекеттері үшін 125 рет жауапқа тартылғаны және бас бостандығы шектелген ретінде пробация қызметінде есепте тұрғаны анықталды, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.