ШҚО-да ер адам жиһаз жасауға ақша алып, қызмет көрсетпеген
Өскемен қаласының №2 сотында 16 адамды алдады деген айыппен облыс орталығының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды
Сотта белгілі болғандай ер адам интернет желісіне сапалы, әрі арзан корпустық жиһаз жасайтыны жайлы хабарландыру орналастырған.
Сөйтіп, баспанасын жайлы еткісі келген сатып алушылар жігітке қоңырау шала бастаған. Бөлменің сыйымдылығын өлшеу үшін қала тұрғыны сатып алушылардың үйіне өзі келген. Жиһазды дайындау үшін заттар қажет деген сылтаумен алдын-ала төлемді талап еткен. Адамдар жиһаз дайындаушының шарттарына келіскен. Бірінші төлем сомасы тапсырыс құнына байланысты өзгеріп, шамамен 70% - 39-дан 247 мың теңгеге дейін болды.
Екі ай ішінде ер адам екі миллион теңгеге тапсырыс алған, алайда тапсырысты орындауға асықпаған. Ер адам клиенттердің наразылықтарына әр түрлі жауап берді: цехта жылу құбыры жарылғанын сылтау етті, барлық жиһаз бүлінгенін айтты, тіпті адамдарды кеңседе қабылдай отырып, жеке өмірлік қиындықтары туралы айтып берді. Полицияға шағымдар түсе бастады. Интернет желісінде ол кісі жайлы бұрыннан бері жаман пікірлер болғаны, ал жақында алаяқтық үшін бес жылға сотталғандығы туралы мәлімет анықталды. Кейін құқыққорғау орындары ол азаматтың үйіне аттанды.
ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмысты қайталаған күдікті адамдарды алдағысы келмегенін, көп тапсырыс алып оларды орындай алмай қалғанын айтты. Соттың шешімі бойынша күдікті бес жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталғанға жәбірленушілерге өз еркімен шығынды өтеуге уақыт берді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.