Өскеменде әйелді өзінің досы алдап кеткен
2016 жылы ер адам өзінің танысына алтын әшекейлерін балқытуға уәде беріп, оның алтындарын алған күйі жоғалған
Үш жылдық үміттен кейін, қала тұрғыны оны алдап кеткендігін түсініп, полицияға алаяқтық жасалғандығы туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Әйел келтірілген залалды 100 000 теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, полиция қызметкерлері осы іске қатысты күдіктіні ұстады және полиция бөліміне жеткізді.
- Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.