Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қостанай облысында қашып жүрген қылмыскер ұсталды

Қостанай облысының полицейлері бір жылдан астам мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді тапты

Қылмыскер аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін тәртіп сақшыларынан қашып жүрген, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.

2018 жылдың 1 шілдесінде Арқалық полиция басқармасында адам өліміне күдікті 31 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда, қылмыскер жазадан құтылуға тырысып, жасырынып, полициядан бір жылдан астам уақыт қашып жүрген.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің Арқалық қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп кәсіби өзара іс-қимыл жасау барысында іздестіріліп жатқан қылмыскер ұсталды, - деп түсіндірді полицияда.

Енді ол Арқалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторында. 

Облыс аумағында жыл басынан бері 37 қылмыскер ұсталып, 40 із-түзсіз жоғалып кеткендер табылды.

Следующая →