Ресейлік азамат Қазақстанға маймылдарды контрабандалық жолмен кіргізбек болған
Қазақстандық шекарашылары 26 макаканы (маймылдың бір түрі) рұқсат құжатынсыз тасымалдаған Ресей азаматын ұстады
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
1978 жылы туылған Ресей азаматы Ақтөбе шекара отрядының "Жайсан авто" шекаралық бақылау бөлімшесінде ұсталды.
Ер адам "УАЗ Патриот" автокөлігімен макакаларды тасымалдаған. Барлығы сегіз қапта рұқсат құжатсыз тасымалда бара жатқан 26 жануар табылды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ведомствода ресейлік азамат қандай бағытта жүргенін нақтылаған жоқ.