Шымкентте прокурорға пара бермек болған әйел сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған қатысты жалған кәсіпорын құру фактісі бойынша тергеу жүргізді
Әйел прокурорға оның көлеңкелі бизнесін тексеруді тоқтату үшін пара беруге тырысқан, деп хабарлайды Tengrinews.k сайты.
Әйел прокурорға ұсынғалы отырған пара мөлшері 4 млн теңгені құрап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әйелдің ісімен айналысты.
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты оның мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот қаулысымен оған коммерциялық, сондай-ақ кез келген өзге де кәсіпорындарда басшылық қызметтерді атқаруға өмір бойы тыйым салынады.