ШҚО-да ер адам жолаушыға шабуыл жасап, оны тонады
Оқиға 4 шілде күні түнде Бородулиха ауданында жеке үйлердің бірінде орын алды
Зардап шеккен егде жастағы ер адам полиция қызметкерлеріне көшеде бейтаныс жас жігіт келіп, оның басына металл түтікшемен соққы жасағанын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Содан кейін қаскүнем ер адамның барсеткасын алып, жасырынған.
Жәбірленушінің айтуынша, сөмкеде ірі көлемде ақша мен құжаттар болған.
Семей қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 20 жасар жігітті ұстады.
Егер жігіттің кінәсі сотта дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.- Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.