Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Таразда сәбиді ұрлап кетпек болды

Адам ұрлығы ауыр қылмыс саналады, ол үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Бұндай күдікке 22 жастағы бойжеткен іліккен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Сәби Тараздағы перинаталды орталықтан ұрланған. Қылмыс екі сағаттың ішінде ашылып, нәресте анасына қайтарылды.

Баласын біреулердің ұрлап кеткені туралы анасы полиция қызметіне хабарлаған. Ал қылмыскер бейнебақылау камерасының көмегімен анықталған.

- Жақын маңдағы барлық тұрғын секторын шолып, қонақүйлер жіті тексерілді. Ұрланған бала қонақүйлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды Жамбыл облысының Полиция департаменті.

Ал күдікті бойжеткен Қаракемер ауылының тұрғыны, емізулы баласы да бар көрінеді.

Алдын ала болжам бойынша, баланы сату үшін ұрлаған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.





Следующая →