Семейде тауық етін ұрлағандар ұсталды
Семей тұрғыны қоймада тұрған тауық етінің бірнеше қорабын ұрлап кеткен екен
Ал полицияға шағым түсірген кәсіпкердің айтуынша, оған 40 мың теңгедей шығын келген. Жедел іздестіру шаралары арқасында қылмысқа күдігі бар кәсіпорынның бұрынғы екі жұмысшысы ұсталды.
- Екеуі де ұрлық жасағанын мойындап отыр. Ал ұрлаған тауықтың етін арзан бағаға сатып жіберген екен, - деп хабарлайды ШҚО ПБ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жасалуда.