Курчатов тұрғынанын 1800 доза есірткі анықталды
Тұрғын өзінің көлікжайында 9 келіден астам кепкен марихуана сақтаған
Өңірде есірткі сатумен айналысып келген қылмыскерді тәртіп сақшылары жедел сатып алу шарасын жүргізу кезінде қолға түсірген
Тінту кезінде көлікжайдан тәртіп сақшылары жалпы салмағы 9 келіден асатын ішінде өсімдік тектес зат толтырылған көп полиэтилен пакет тапқан. Сараптама нәтижесінде бұл заттың кепкен марихуана екені анықталды. Бұл есірткі шамамен 1800 доза жетеді екен.
- Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі "Есірткі заттарын, психотроптық немесе соған ұқсас заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Бұл бап бойынша мүлкін тәркілей оытырп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. 35 жастағы күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері есірткінің облыс аумағына қалай жеткізіліп отырғанын анықтап жатыр.
Естеріңізе сала кетейік, облыста маусымнан қазанға дейін "Көкнәр-2019" республикалық жедел алдын алу шаралары өтіп жатыр.