Канададағы шіркеуде атыс орын алды
Белгісіз біреу Салмон Арм қаласындағы шіркеуде атыс-шабыс ұйымдастырған
Атыс нәтижесінде бір адам қаза тауып, тағы біреуі жараланды, деп жазады МИР24 сайты.
Ақпараттарға сүйенсек, 25 жастағы азамат шабуыл жасаған. Шіркеу ғимаратына кіріп, бірнеше рет оқ атып, тығылып қалған.
Алайда полиция оқ атқан азаматты дереу тұтқындалды, есімі жарияланбады.
Полиция осы оқиғаға байланысты тергеу бастады. Болжам бойынша, атыс-шабыстың дінге қатысы жоқ. Анықталғандай, күдікті зардап шеккендердің бірімен таныс болған.