Алматы полицейлері ауыл дүкендерін тонаған қарақшыларды ұстады
Төрт қарақшы топ құрып ауыл дүкендерін тонаумен айналысқан екен
Олар қаңтар айынан бастап жеті дүкенді тонаған.
Арнайы бөлімше қызметкерлері ғана киетін формаға ұқсас киім киіп, қолына қару ұстаған топ тонау ісін кешке қарай тындыратын болатын.
- Барлығы 500 мың теңге шығын келтірген. Қазір екеуі уақытша қамау изоляторында, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазір қылмыскерлердің басқа істерге қатысы бар не жоғы анықталуда.