Мысырда тығылған жалған куәгер Қазақстанға қайтарылды
ҚР Бас прокуратурасы хабарлағандай, Мысырдан Астанаға жалған куәгерлік етті деген күдікпен қазақстандық азаматты қайтарды
20 қараша күні ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполмен бірлесіп, қылмыстық жауапқа тарту үшін Бейбіт Серғазыұлын экстрадициялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- Тұтқын адам өліміне қатысы бар қылмыскердің пайдасына сотта жалған куәгерлік етті деген күдік бар. Елден шықпау туралы сот шешіміне қарамай шекара асып кеткен Серғазыұлы тергеушілерден жасырынып жүрген. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қазақстандық қылмыстық тергеу қызметі мен мысырлық әріптестердің реттелген жұмыстарының арқасында азамат елге қайтарылды, - деп атап өтті мекеме.
Бейбіт Серғазыұлы Астанадағы тергеу изоляторына тоғытылды.