Новосібір тұрғыны әйелді балконнан лақтырып жіберді
Үйде ішімдік ішкен әйел адам мен ер адам бір-бірімен ұрысып қалған
Новосібір қаласының 30 жастағы тұрғыны үйіне таныс жігітті шақырып, ішімдік ішкен. Ащы судан ұрттап алған ер адам болса, әйелге "қырыңдай" бастаған көрінеді, бірақ әйел оған қарсылық танытқан. Көңілі қалып, ашуға берілген жігіт болса, оны оныншы қабаттың балконынан лақтырып жіберген.
Қуанышқа орай, балконның бетон қалқанына аяғымен тіреліп қалған әйел адам салбырап тұрған жіптен ұстап қалған. Жігіт үйден шығып кеткеннен кейін, пәтерге өрмелеп кіріп, полицияға хабарласқан.
Сол күні адам өміріне қастандық жасамақ болған 29 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу кезінде белгілі болғандай, ол жігіт үйленген әрі төрт баласы бар әке болып шыққан.