Өскеменде үйлену тойында кісі өлімі бола жаздады
Жігіт досының салтанатты үйлену тойы өтіп жатқан мейрамхана дәлізінде бұрыннан қырғи-қабақ болған танысын кездестіріп қалады
Өскемен қаласының №2 сотында 23 жастағы қала тұрғынының ісі қаралды. Ол төбелес кезінде өзін-өзі пышақпен қорғамақ болған.
Шарапқа тойып алған жігіт танысын тысқа шығарып, "еркекше" сөйлеспек болады. Танысы да оған жұдырық ала жүгіріп, қалтасынан пышақ алып шыққан. Соққы алған жігіт оған қайта шабуыл жасамақ болғанда, пышақтың иесі пышақты жігіттің ішіне сұғып, оқиға орнынан қашып кетеді.
Қуанышқа орай, шақырылған қонақтардың ішінен дәргерлер табылып, алғашқы көмек көрестіп, жігіттің өмірін аман сақтап қалады.
Тәртіп сақшылары кінәлі адамды іздеп тапқан. Қылмыскер үш жылға бас бостандығын айырылып, жәбірленушіге 50 мың теңге материалдық шығын өтеп берді.