Мас азамат полицейлерден қашып, оларға тас атқан
Ішімдікке мас азамат таң атпастан отбасы мүшелерімен қырғи қабақ болып, мазасын алған. Ақыры туған анасы полиция шақыртуға мәжбүр болған
Екі тәртіп сақшысы шақыртуға дереу жеткен. Отбасының шырқын бұзғанды тыныштандыруға келген полиция қызметкерлерін де ол азамат боқтап ала жөнелген. Дес бермеген азаматтың бетіне бұрыш газын шашқанда ол қаша жөнелген. Тіпті, полиция қызметкерлерін таспен атып, біріне тиіп кеткен. Екіншісі оған көмек көрсетіп жатқанда, бұзақы қаша жөнелген.
Ал үйіне анасы қоңырау шалғаннан кейін ғана қайтып келген. Сөйтіп полиция қызметкерлері ақыры оны бөлімшеге алып кеткен.
Тәртіп сақшыларына күш көрсеткені үшін Өскемен қалалық №2 соты оны жарты жылға бас бостандығанан айырды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.