Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
3 қараша күні таңғы сағат 05:00-те "Алматы" халықаралық әуежайының келушілер залында "Дубай-Алматы" рейсін рәсімдеу кезінде Түркия Республикасының үш азаматы қолға түсті
Олар ұсынған Израиль азаматының құжаттары шекарашылардың күдігін туғызған. Аталмыз тұлғалар жалған құжат арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
- Құжаттарды терең зерделеу барысында мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығын беретін төлқұжаттардың толығымен қолдан жасалғаны анықталды. Түркия азаматтары шекарадан өткізілген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - делінген шекара қызметі таратқан хабарламада.