Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жеті адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Қазақстанның оңтүстігінен келген 46 жастағы әйел Шығыс Қазақстанға белгілі бір мақсатпен, алаяқтық жолмен ақша табуды мақсат етіп келген

Жеті адамды алдап кеткен алаяқ үш миллион теңгенің қаржысын қалтаға басқан. Кейін Алматы қаласына барып жасырынбақ болған әйелді құқық қорғау органдары Жарма ауданынан ұстап алды. Шар қаласының екі тұрғыны полицияға хабарласып, алаяқтан алданып қалғандарын айтып шағымданған. Ал полицейлер жедел шараларға кірісіп, елді сан соқтырып жүрген алаяқты қапыда ұстаған.

Кейін белгілі болғандай, әйел алаяқ адамдарды алдаудың "ерекше" тәсілін ойлап тапқан. Ол Шығыс Қазақстан өңірін әдейі аралап жүріп, Германияда туысы бар жандарды іздеп тауып, сеніміне кіріп алдаған. Ол тұрғындардың Алманияда тұрып жатқан туыстарының танысы екендігін айтып әрі неміс "ағайындар" Қазақстандағы туыстарына ақша мен сыйлық салып жібергенін айтып қуантқан.

Алайда шетелден келген "сәлем-сауақатты" алу үшін ол тұрғындарды өзімен бірге банкке барып, еуро валютасын теңгеге алмастыру керектігін де жеткізген. Әрі бұл "қызметі" үшін қызметақы да алған. Қызметақыны алған алаяқ тұрғындармен бірге қалаға барып, кейін "жоқ болып" кеткен.

Осылайша алаяқ Шемонаиха, Глубокое, Бородулиха ауданы мен Өскемен қаласының тұрғындарын алдап соққан.

Қазір полицейлерге алаяққа қатысты соталды тергеу амалдарын бастады.

Следующая →