Полициялар тұрғынның үстінен сотқа арызданған
Өскемен қаласының тұрғыны шақыртуға келген тәртіп сақшыларын балағаттап, қол жұмсаған
Полиция қызметкерлері Көкжал Барақ көшесіндегі үйде шыққан даудың шешімін табу үшін келген.
Алайда подъезде оларды ішімдікке мас екі азаматша қарсы алған. Олардың бірі тәртіп сақшыларын сыбап ала жөнелген, тіпті, иықтарындағы шен белгілерін де жұлып алмақ болған. Ал бір полиция қызметкерін бірнеше рет белден төмен тепкен көрінеді.
Осылайша зор күшке ие азаматша тыныштанған соң оның полиция қызметкерлері көлікке отырғызып алып кеткен. Алдымен медициналық сараптама жасалып, кейін Сол жағалау аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полиция қызметкерлері оның үсітенен шағым түсірген.
Өскемен қалалық №2 сот баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бойжеткен өз кінәсін мойындаған. ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі бойынша енді ол жарты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі де ғажап емес.