ШҚО шенеуніктері өз сыйақыларын "ҚазАгроның" еншілес компаниясының төрағасының орынбасарына аударып отырған
"Аграрлы несиелік корпорациясы" АҚ ("ҚазАгроның" еншілес компаниясы) басқармасы төрағасының орынбасары жемқорлық әрекеті үшін күдікке ілінді
Ол қоластындағыларға түсетін сыйақының 50 пайызын алып отыру үшін арнайы схемамен жұмыс істеген. Оның есесіне қызмет бабында оларға қамқоршы болуды уәде еткен.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық бюросының жемқорлықпен күрес бойынша ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
- Күдікті тұтқындалып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. 13 қазан күні Астана қалалық мамандандырылған аймақаралық соты оған қатысты қамауда ұстау туралы шарані бекітті, - деді Ұлттық бюро өкілі.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облысындағы филиал қызметкерлері, басшыларынан 720 мың теңге параны сыйақыны қайтарып алу арқылы алғандығы анықталған.
- Параның жалпы сомасы анықталу үстінде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп атап өтті Жанна Бастарова.