Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда Храпуновқа қатысты сот үкімі шықты

Виктор Храпунов сырттай 17 жылға сотталды

Алматы соты ерлі-зайыпты Храпуновтар мен оларға қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған он адамға сот үкімін оқыды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бүгін түстен кейін Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында судья Қасым Қалмағамбетов "Храпуновтар ісі" бойынша айыпталғандарға сот үкімін оқыды.

Үкім бойынша, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов - 17 жылға, оның әйелі Лейла Храпунова - 14 жылға сотталды. Бұған қоса, сот Виктор Храпуновтың мүлкін тәркілеуді, Қазақстан президенті атына оның ордендері мен наградаларынан айыру туралы ұсыныс жасауды үкім етті.

Сот Храпуновтардың "сыбайласы" ретінде аталған Алматы қалалық әкімдігінің бұрынғы қызметкері, қазір шетелде жүрген Аяр Ілиясовты 5 жылға соттап, жазасын қатаңдығы жағынан орташа режимдегі колонияда өтеу туралы шешім шығарған.

Следующая →