Өскеменде автокөліктерді тонаған азамат қолға түсті
Қылмыскер көлік салонынан қолына іліккеннің барлығын қағып кетіп отырған: ақша, қап, құжаттар, тіпті, қуаттау құрылғылары
Ол қылмыстық әрекеттердің барлығын 19-ынан 20-сына қараған түні ғана жүзеге асырған.
Қаскөй Мыза мен Протозанов көшелерін торуылдаған.
Зардап шеккен автокөлік иелерінен кезек-кезек түскен қоңыраудан кейін тәртіп сақшылары ұрыға іздеу жариялаған.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, күдікті Абай даңғылындағы автовокзалдан ұсталды. Ол қаладан кетпек болған көрінеді. Ал қолды қылған айғақтардың барлығын өзімен бірге алып кетпек болған.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, жалпы шығын көлемі 370 мың теңге.
Анықталғандай, көлік салондарындағы заттарды жымқырып жүрген азамат 19 жаста екен. Қазір ол уақытша қамау изоляторында.