"Защита" станциясында 6 млн-дық қорғасын ұрланды
Жоғалған металл иелері ұрыдан қорғасын құнының жартысын өндіріп алды
Ұрлық "Защита" теміржол вокзалы аумағында орын алды. Металлға ие компания ұрыларды сотқа берді.
Өскемен қалалық сотының мәліметтеріне сүйенсек, ұрланған қорғасынның жалпы құны 6 млн 72 мың теңгені құраған. Сот 2 млн 800 мың теңгені өндіріп алған. Алайда зардап шегуші компания тағы бір жарым миллион өндіріп беруді талап етуде.
Талап қанағаттандырылып, материалдық шығын толық көлемде өтелді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.