Пәтер алаяғы жымысқы әрекетін іске асырған
Өскемен қаласының тұрғыны пәтерді бір уақытта бірнеше азаматқа әр түрлі бағада жалға беріп келген
Жалға берушінің өздерін алдап-соққанына шағымданған екі азамат Өскемен қаласы ІІБ Үлбі аудандық бөлімшесіне жүгінген.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер азаматшаның бірінен пәтер үшін 25 мың теңге, ал екіншісінен 40 мың теңге алғандығын айтқан.
Бір сағаттың ішінде тәртіп сақшылары алаяқты тұтқындап, полиция бөлімшесіне алып келген. Ол 36 жастағы бұрын істі болған қала тұрғыны болып шыққан. ҚР ҚК 190-бабы бойынша соталды тергеу басталды.