Зейнеткерді тонаған азамат ұсталды
32 жастағы Зырян қаласының тұрғыны кәрі әженің сеніміне кіріп, алтын бұйымдарын тонап кеткен
Өткен жұмада полиция бөлімшесіне 61 жастағы әйел хабарласып, пәтеріне ұрылар түскенін айтқан.
Зейнеткердің айтуынша, ол үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін азаматты жалдаған. Үй иесінің жұмыс үшін төлеген ақысы аз болса керек, азамат үйдегі алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Зардап шегуші азаматша шығынды 395 мың теңгеге бағалады.
ШҚО ІІД баспсаөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, тергеу барысында ер адамның бұрын да істі болғаны анықталған. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Қылмыс» бойынша қылмыстық іс қозғалды.