Алаяқ өз құрбандары есебінен миллион теңге табыс тапқан
Өскемен қаласының тұрғыны өзін кәсіпкер ретінде көрсетіп, ғаламтор арқылы тұрғындарға түрлі қызметтер ұсынған
Танымал сайттардың бірі арқылы ер адам корпустық жиһаз жасап, құрылыс жұмыстарымен айналысатындығы жайлы хабарлама жариялаған.
Ал хабарламаға сенген азаматтар алаяқтың үйіне келіп, тапсырыс беріп отырған. Олар алдын ала төлем де жасап жүрген. Осылайша бір айға ішінде 11 адам алаяқтың арбауына ілігіп, жалпы сомасы 1 103 900 теңгені құраған.
Жалған кәсіпкер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша кәнілі деп тапты. Сот шешімі бойынша бұрын істі болмаған азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.