Зыряндық алаяқ өзін құрылысшымын деп айтып, қарияны алдап кетті
Алаяқ зейнеткерді ғана емес, тағы бір тұрғынды да алдап соққан
Ер адам зейнеткердің үйіне келіп, "баспананың сыртын 6500 теңгеге сырлап береміз" деп ұшты-күйлі жоқ болып кеткен.
Зейнеткердің қаржысын қалтаға басқан алаяқ екі сағаттан кейін тағы бір әйелдің аллап-сулап 7500 теңгесін алып кеткен.
- Жедел іздестіру шарасы барысында зейнеткер мен әйелді алдаған 34 жастағы тұрғын ұсталды. Оны әйел адам танып отыр, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.